Алтын күз
Біздің балабақшамызда дәстүрлі «Алтын күз» мерекелік ертеңгіліктері жоғары деңгейде өтті. Бүлдіршіндеріміз күз туралы өлеңдер оқып, ән шырқады және мың бұрала би биледі. Сонымен қатар, ата-аналар мен балалардың бірлесіп табиғи материалдардан жасаған «Күзгі қиял» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге белсене қатысқан барлық отбасыларға алғыс айтамыз!